Қазіргі таңда күн сайын әртүрлі гаджеттер шығып жатыр, олардың арасында қызықты әрі пайдалылары да бар.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Бүгінгі біздің шолуымызға сол құрылғылардың күнделікті тұрмысқа қажеттілері еніп отыр.
1. Livescribe Echo Smartpen
Бұл қалам әдеттегі диктофон сияқты дыбыс жаза алады, сондай-ақ жазуға және сурет салуға болады. Ал, негізгі кіріктірілген жады екі сағаттық дыбысты басуға немесе 32 000 бет жазбаша мәтінге жетеді. Сонымен қатар, электронды құралдарды пайдалануға тыйым салынған оқу орнындағы студенттер үшін өте қолайлы. Себебі, қаламның жазылған ақпаратты дәрістен кейін компьютерге немесе ноутбукқа оңай көшіріп алуға мүмкіндігі бар.
2. Bluetooth пернетақта Logitech
Әлемге әйгілі Logitech компаниясының Bluetooth пернетақтасы түрлі электрондық құрылғылардың арасындағы көп таңдалатын гаджеттің бірі. Ол планшеттерге, компьтерлерге, ноутбуктарға және смартфондарға қосылады. Пернетақтада әр құрылғыға арналған төрт түрлі баптаулар бар, демек біреуінен екіншісіне оңай ауыстыра аласыз. Сондай-ақ, пернетақтада планшет немесе смартфон орнататын бөлік бар, онымен жұмыс істеу оңай және ыңғайлы болады.
3. ILuv SyrenPro
Бұл қарапайым дыбыс зорайтқыш (динамик) емес. Себебі ол кез келген ауа райы жағдайына қарамастан қуатты және толық дыбыс шығара алады. Оны ашық күнде, бассейнде немесе жағажайда пайдалана бересіз. Гаджет Bluetooth арқылы iPhone, iPad және басқа да смартфон үлгілеріне қосылып жұмыс істейді, тіпті қашықтан сымсыз байланыс та орната алады.
4. Cobra JumPak
Осы тамаша құрылғыны қарапайым тұрмыста немесе күтпеген жағдайларда пайдалана аласыз. Себебі, ол смартфондарды ғана емес, көптеген көлік аккумуляторларын да қуаттай алады. Гаджеттің қуаттау бөлігіне орнатылған жарық шамы, 7500 mAh өлшеміндегі аккумуляторы және смартфондарды қуаттауға арналған USB порты болады.
5. Mobile Space Pack
IРhone үлгісіндегі смартфоны бар адамдарға арналған өте пайдалы гаджет, яғни керемет қорғаныс қаптамасы. Құрылғыда қосымша қуат сақталатын батарея, 32 ГБ жад, жеке монитор, тіпті micro-USB кабелі де бар.
6. Delorme InReach Explorer
Ал мына құрылғы шалғай елді мекендерде тұратын адамдар немесе демалушылар үшін өте пайдалы. Ұялы телефонға қосылатын гаджет пайдаланушылардың қай жерде орналасқанына қарамастан желіге қосылуына мүмкіндік сыйлайды. Бұл Сізге туыстарыңызға немесе төтенше жағдайда құтқару қызметіне хабарласуға көмектеседі. Сондай-ақ, гаджет GPS ретінде жұмыс істейді, яғни жақын елді мекендерді, жүрген жеріңізді бағдарлай алады. Ол аз десеңіз, керемет құрылғы пайдаланушы адасса немесе жарақат алса, SOS-сигналын құтқару қызметіне автоматты түрде жібереді.
7. Finsix Dart
Ноутбугы бар адамдар үлкен әрі ауыр қуаттау құрылғысын алып жүруді ұната бермейтіні бар. Осыған байланысты, қазір әлемдегі ең кішкентай әрі ең жеңіл деп танылған 65-ваттық қуаттау құрылғысы пайда болды. Бұл қарапайым қуаттау құрылғысынан 6 есе жеңіл, әлдеқайда ықшам және одан мықты, өйткені гаджет таза алюминийден жасалған.
8. Жолдорбаға арналған құлып – Bluesmart
Сапарға көп шығатындардың жолдорбаларына арналған бұл гаджет таптырмайтын құрылғы. Ол көптеген мобильді құрылғыларға қосылып, қосылған чемоданның салмағы туралы ақпарат бере алады. Сондай-ақ, тек иесі ғана аша алатын электрондық құлыпы бар және кез келген жерден чемоданды қадағалауға мүмкіндік беретін GPS қосымшасы орнатылған.
9. HTC Re Vive
HTC ReVive – бұл виртуалды әлемге енгізе алатын гаджет, бірақ ол әлі толық дайын болған жоқ. Атап өтсек, құрылғы жадына кіріктірілген бейне ойындарда, әлемнің кез келген орындарында, ас үй немесе кеңседе және т.б. жерлерде өзіңіз жүргендей етіп көрсете алады. Ең жақсысы сатып алып, әсерін өзіңіз сезініңіз.
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз:
Келешекте «ақылды» үйіңізде «ақылды» гаджеттер болады (ТОП-шолу)