Телефонды қуаттап алатын сөмкеңіз бар ма?

0
3 429

Қазіргі заман — адамның қиялы мен арманындағы көптеген дүниелерді шынайы өмірге айналдырып жатқан өнертабыстарға толып жатыр. Адамзат игілігі мен тұрмысының жеңілдеуі үшін көптеген заттар ойлап табылып, жасалып жатыр. Солардың арасында сөмкелер де бар.


Телефонды қуаттап алатын сөмкеңіз бар ма?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Бұрынғы сөмкелердің қызметі бірнеше заттың басын біріктіріп, шашыратпай, шаң мен судан, күннен қорғап тұру ғана болатын.

Ал, қазіргі «ақылды» сөмкелер олардан әлдеқайда қабілетті. Айталық, олар ұрыдан сақтануды біледі. Ішіне су өткізбейтіні, иесінің иығына салмақ салмай, өздігімен жаныңда еріп жүретіні тағы бар. Бүгінгі мақаламыз да сол жайында болмақ.


1. Ұялы телефонды қуаттай алатын сөмке

Үш адамның екеуі ұялы телефонды қолданатын қазіргі заманда телефонның қуаттандырғышы — үнемі өзімізбен алып жүретін негізгі заттардың біріне айналған. Оны үйде ұмытып кетсек, ұялы телефонның қуаты таусылып, біршама абыржып қаламыз. Ал, «Lifepack» арқа сөмкесі — адамдарды осындай қолайсыздықтан құтқару мақсатында туған өнертабыс. Сөмке құрылымына Күннен қуат алатын панель мен оны жинайтын аккумулятор орнатылған. Соның көмегімен сөмке иесі кез келген уақытта құрылғысын қуаттап ала алады.


2. Сырмалары жасырылған сөмкелер

Сөмкедегі құнды затарды ұрлануы да көпшілік адамдардың басына түсетін маңызды мәселе. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін табу да сөмке жасаушы өнертапқыштар назарынан тыс қалған жоқ. Нәтижесінде бірнеше жыл бұрын ғана «Bobby» арқасөмкесі пайда болды.

Бұл сөмке ешқандай өткір құралмен кесіп-тесе алмайтын мықты материалдан жасалған. Ал, дизайнерлер оның сырмаларының сырт көзден жасырын болуын басты назарға алыпты. Мұндай сөмкенің сырмасының қай жерінде екенін иесі ғана біледі. Сондықтан, арқаға асып алып, қала көшелерінде «арт жақта не болып жатыр» деп алаңдамай жүре беруге болады.


3. Ұрылардан сақтайтын сөмке

Ұры-қарыдан сақтану мақсатында жасалған тағы бір сөмке — «Loctote Flak Sack» деп аталады. Оның да жасалған материалы өте төзімді болып келеді. Өткір және үшкір құралдардың «тісі батпайды», тіпті су да өтпейді. Ал, сырмалары келіп тоқтаған жерден құлыптап қоюға болатындай етіп жасалған.


4. Жаныңызда еріп жүретін жолдорба

Енді, қолдорбадан жолдорбаға көшсек...

Ең алғаш доңғалақты шабадандар шыққанда адамдар олардың ыңғайлы екенін айтып қуанды. Қуанбағанда ше, зат толтырған ауыр сөмкені арқаламай, сүйреп жүре беретін болды емес пе?! Ал, болашақта тіпті оларды сүйреудің де қажеті болмай қалады.

Ғалымдар бұл жолдағы алғашқы қадамды жасап та қойды. Оның дәлелі — 2018 жылғы CES ғаламдық көрмесінде таныстырылған «90 Fun Puppy1» деп аталатын өнертабыс. Xiaomi компаниясы шығарған моторландырылған шабадан арнайы басқару құрылғысының көмегімен иесінің жанында өзі еріп жүре береді. Сондай-ақ, шабаданды ашып-жабу да басқару тетігінің көмегімен жасала береді.


5. Самокат сөмке

Атақты «Olaf» компаниясы доңғалақты шабаданды «Xiaomi» секілді жоғары технология тетіктеріне толтыруды жөн көрмеген сияқты. Олар жолдорбаны жай ғана самокат үстіне орнатып, алып жүрудің анағұрлым жеңілдетілген әрі қарапайым әдісін жасаған.

Мұндай шешім — екі оқпен бір қоян атқанмен тең. Өйткені, жүк сөмкесі орнатылған самокаттың көмегімен иесінің өзі де бір жерден екінші жерге оңай баруға мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, өзінің салмағы бар болғаны 5 келі шығатын самокат-сөмке 120 келіге дейінгі жүкті көтере алады екен.

Жол жүргенде өзіңізге ыңғайлы болуы үшін керегін таңдап, сатып алуыңызға болады.


Дайындаған: Ерман.Б

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Телефонды қуаттаудың естен шығып кете беретін 5 ережесі


Жаңа жылдық сыйлық таңдай алмай жүрсіз бе?