WhatsApp мессенджерінің негізін қалаушылардың бірі және аталмыш компанияның басшысы Ян Кум қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
WhatsApp мессенджерінің негізін қалаушылардың бірі және аталмыш компанияның басшысы Ян Кум қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ria.ru-ға сілтеме жасап.
«Брайан екеуміздің WhatsApp-ты ойлап тапқанымызға он жыл уақыт өтіпті. Бұл жақсы адамдармен бірге керемет саяхат болды. Бірақ маған тағы алға жылжу керек. WhatsApp-ты адамдар мен көз алдыма елестеткеннен де артық қолданатын жағдайға жеткен кездегі уақытқа кетіп барамын», - деп жазды ол фейсбук парақшасында. Сондай-ақ, ол қолданушылардың барлығына алғыс айтты.
Айта кетейік, WhatsApp – әртүрлі мобильді платформада хабарлама алмасуға мүмкіндік беретін смартфорндарға арналған қосымша. WhatsApp-тың қолданушылары бүгінде миллиардтан асады.
Facebook компаниясы WhatsApp-ты 2014 жылы 21,8 млрд АҚШ долларына сатып алған болатын.