Ноутбуктың тәуірін таңдай алмай жүрсіз бе?

0
6 327

Әркім әртүрлі жұмысқа лайықтысын іздейді. Таңдау көп, бірақ бәрін бірдей тану да мүмкін емес. Ол үшін аз да болса іздеген затыңыз бойынша біліп алғаныңыз дұрыс.


Ноутбуктың тәуірін таңдай алмай жүрсіз бе?

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Қазіргі заманда жұмыс істейтін адамдарды техникасыз елестету қиын. Ал техниканың арасында ерекше орын иеленетін – ноутбук болып есептеледі. Сондай-ақ, олардың да түр-түрі бар, үздіктері жұмысты жақсы істесе, нашарлары көңіліден шыға қоймайды. Мысалы, жақсы ноутбуктар мәтіндік ақпаратты өңдеуде және графика тұрғысынан қызмет көрстуге қабілетті болады. Сондықтан, бүгінгі мақаламызда қолданушылар пікірі бойынша ең жақсы деп танылған ноутбук модельдері туралы жазылды.


• Ең алдымен, құрылғыны қандай жұмыс үшін сатып алынатыныңызды анықтап алу керек.

• Таңдау кезінде техникалық көрсеткіштерге мән беріңіз.


1. Apple MacBook Pro 15 with Retina display Mid 2015

Apple компаниясының ноутбуктары стильді, жақсы дизайнға ие, жұмыс істеуге ыңғайлы және ақпаратты өңдеу процестерінде үлкен ерекшелік танытады. Сондай-ақ, бұл модель мықты батареямен жабдықталған және тамаша салқындату жүйесі бар.

Артықшылықтары:

• жоғары дәрежедегі дисплей жаңа бағдарламалармен жұмыс істеу үшін тамаша жасалған;

• пернетақта жарықтанған;

• ұзақ жұмысқа жақсы;

• барынша тартымды дизайн;

• салмағы аз.

Пікірлер бойынша, жаңа бағдарламаларда жұмыс істеу үшін бұл ноутбук ең қолайлы нұсқа деп танылған.


2. Xiaomi Mi Notebook Air 13,3

Бұл ноутбукты сипаттай отырып бағасына сапасы әбден лайықты, ең жақсы модель екенін сеніммен айтуға болады. Қытай өндірушілерінің бұл жеңіл ноутбугының атауы – «Air». Атына заты сай жұмысты «ұшып» тұрып істейді және ол бірнеше секундта қосылып үлгереді.

Артықшылықтары:

• корпусы металлдан жасалған;

• толық HD экран;

• өндіруші анықтамалары бойынша – қуатты шамамен 9 сағаттай сақтайды;

• жылдам қосылады;

• батарея қуатын тез қалпына келтіреді.

Кемшіліктері:

• пернетақтада қазақ әріптері жоқ;

• басқару жүйесі қытай тілінде ұсынылған;

• пернетақтаны пайдаланбасаңыз, экран жарығы бірнеше секунд ішінде өшеді.


3. HP ProBook 640 G1

HP компаниясы шығаратын бұл модельді ең көп сұранысқа ие деп айтуға болады.

Себебі, бұл ноутбук батареясы 24 сағаттық үзіліссіз жұмысқа шыдайды. Барлық стандартты бағдарламаларға сәйкес келеді, іссапарларда, қыдырғанда және құрылғыны қуаттауға мүмкіндік жоқ жерде қолдануға өте ыңғайлы.

Артықшылықтары:

• сапасы керемет;

• күңгірт экранды;

• ұзақ жұмысқа шыдамды.

Кемшіліктері:

• оңай сызылады;

• тез қызады.


4. HP 255 G5

Бұл ноутбук салыстырмалы түрде арзан бағаға ие болғанымен, ол өзінің негізгі функцияларымен ерекшеленеді. Оның ерекшелігі – блокта қызу болмайды, тіпті ұзақ уақыт қолданғанда немесе жүйеде көп жүктеме болғанда да.

Артықшылықтары:

• бейнелерді (видео) жоғары сапада ойнатады;

• жұмыс кезінде шу болмайды;

• пернетақтадан дыбыс шықпайды.

Кемшіліктері:

• желіден тыс режимде 2.5-3 сағаттан кейін өшеді;

• экранының сапасы төмен.


5. ASUS EeeBook X205TA

Ноутбук ең жеңіл және жұқа, сондай-ақ ең үнемді болып табылады. Алайда, ноутбук жадының көлемі шағын, суреттер мен басқа да ақпаратты сыртқы жинақтағыштарда сақтаған жөн. Дегенмен, жады құжаттар үшін жеткілікті. Жедел жүйеде дұрыс жұмыс істейді, фильмдерді көруге және қарапайым редакторларды пайдалануға ыңғайлы.


Артықшылықтары:

• қарапайым, салмағы аз;

• қолдануға ыңғайлы;

• ұйқы режимінен жылдам шығады;

• дыбысы жағымды;

• қуаттау ұзақ уақытты қажет етпейді.


6. Dell Inspiron 3542

Бұл ноутбук орташа бағада ұсынылған. Үйде де, кеңседе де ыңғайлы.

Артықшылықтары:

• артық бөлшектерсіз, жинақы дизайн;

• процессордың жылдам жұмысы (бір уақытта бірнеше графикалық бағдарламаларды

ойнатуға қабілетті);

• сапалы дисплей – жұмыс кезінде көзді шаршатпайды;

• сенсорлық экран қосылады.

Кемшілігі:

• корпус тез кірленгіш болады, алайда кір тез жойылады.


7. Lenovo G700

Модель сенімді және тексерілген, ноутбуктар арасындағы экранының диагоналі ең үлкені ретінде атауға болады. Шығармашылық адамдар – дизайнерлер, суретшілер, сондай-ақ кеңсе қызметкерлері үшін ыңғайлы.

Артықшылықтары:

• кең экран;

• жылдам жұмыс;

• сапалы аккумулятор;

• процессор қызбайды.

Кемшіліктері:

• шолу бұрышы шағын;

• экраны жылтыр.


8. Lenovo IdeaPad Z5070

Ноутбук әмбебап модель болып табылады. Онымен көп маңызды құжаттарды, графиканы өңдеу бағдарламаларымен және деректер базаларымен жұмыс істеу үшін өте пайдалы, әрі ыңғайлы.

Артықшылықтары:

• жұмыстағы әмбебаптылық;

• жадтың көптігі;

• Full HD экран ажыратымдылығы.

• қызып кетпейді.

Кемшіліктері:

• кәсіби редакторларда жұмыс істеу үшін құрылғыны сыртқы экранға қосу керек;

• пернетақтасы сатылады.


9. Lenovo IdeaPad Yoga 2 11

Құрылғы жұқа дизайнмен жасалған, оны кез келген жерде және күйде пайдалануға болады. Өзінің құрылысы арқылы ноутбук, планшет немесе кітапша ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, презентацияларды көрсету үшін ыңғайлы болып иілетін мүмкіндігі бар.


Артықшылықтары:

• корпусы мықты;

• Full HD ажыратымдылығы бар экран;

• дыбыс айқындығы және жоғары сапалы суреттер;

Кемшіліктері:

• корпус оңай зақымданады;


10. ASUS Transformer Book Flip TP500LN

Ноутбук пайдалануға ыңғайлы және кез келген күнделікті қызметті орындауға қабілетті.

Артықшылықтары:

• металлдан жасалған корпус;

• сенсорлық экран функциясы бар;

• барынша ыңғайлы.

Кемшіліктері:

• жедел жад көлемінің аздығына байланысты Photoshop-тың жаңа нұсқасында жұмыс істеу қиындық;

• қуат блогын ауыстыру мүмкіндігі жоқ.


Осы ұсынылған барлық ноутбуктарға 2018 жылы көптеген жақсы пікірлер айтылып, үлкен танымалдыққа ие болған. Ал, келесі мақалада таңдайтын кезде нені ескеру керек екенін жазатын боламыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ