1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі

0
513

Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын.


1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға өсетінін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге", - деп жауап берді министр Үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

"70 пайыз - бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз - бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары", - деп түсіндірді Ильин.