1 қыркүйекте салтанатты шараға тек бірінші сынып оқушылары қатысады

0
552

Биылғы жаңа оқу жылында барлық мектеп оқушылары мен студенттер дәстүрлі форматта оқитын болады.


1 қыркүйекте салтанатты шараға тек бірінші сынып оқушылары қатысады

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара тек бірінші сынып оқушыларына арналатынын айтты, деп жазады zakon.kz.

"Дәстүрлі форматтағы мектептердегі "линейка" тек бірінші сынып оқушылары үшін санитарлық нормаларды сақтай отырып, өткізілетін болады. Ашық аспан астындағы жиыннан балалар өздерінің алғашқы кітабы "Әліппе" мен "Букварьды" қолына ұстап қайтады. 2-11 сынып оқушылары үшін аудиториялық сағаттар сыныптарда ұйымдастырылады", - деді Білім және ғылым министрі үкімет отырысында.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жаңа оқу жылында барлық мектеп оқушылары мен студенттердің дәстүрлі форматта оқитынын айтқан болатын. Барлық мектептер мен университеттер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қабылдайды: күнделікті термометрия, желдету, кварц және зарарсыздандыру жұмыстары.