10 қазанға дейін​ ​Қарағанды облысына жылу беру жоспарлануда

0
1 224

Ауа райының қолайлы болуына байланысты, облыстың оңтүстік аймақтарында жылыту маусымы 10 қазаннан басталады.


10 қазанға дейін​ ​Қарағанды облысына жылу беру жоспарлануда

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында үйлер орталық жылу жүйесіне 10 қазанға дейін қосылмақ, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгінде облыс аймақтарында жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталып келеді. 1 қазандағы жағдай бойынша, жылумен қамтамасыз ету желілері 100% дайындықтан өтті, 80% жуып-шайылған.

«Облыстың Қарағанды, Теміртау, Абай, Шахтинск сияқты қалалары қарайтын солтүстік және орталық аймақтарында жылыту маусымын қазанның 1-нен 5-не дейін бастау жоспарланып отыр. Ауа райының қолайлы болуына байланысты, облыстың оңтүстік аймақтарында жылыту маусымы 10 қазаннан басталады», - деп баяндады аппарат кеңесінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа.

Қазіргі кезлде әлеуметтік сала нысандары, тұрғын үйлер және инженерлік желілерді даярлау жұмыстары толық аяқталған. Әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандарға 169 мың тонна көмірдің 156,7 мың тоннасы әкелінді, бұл жалпы көлемнің 93 пайызын құрап отыр. Аймақ әкімдіктері және облыстық басқармалар отынды жинақтау бойынша ақпарат дайындап, күнделікті мониторинг жүргізіп жағдайды бақылап отыр.