10 тұрғын өз күшімен шығып үлгерген: Өскеменде 70 жыл бұрын салынған жатақхана қирады

0
417

Ескі жатақханада үйде 50 адам тұрған.


10 тұрғын өз күшімен шығып үлгерген: Өскеменде 70 жыл бұрын салынған жатақхана қирады

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында екі қабатты жатақхана қирады, деп хабарлайды Хабар24.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушыларға Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхананың төбе жабындысы құлағаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2 тұрғынды эвакуациялады. 10 тұрғын сол жерден өз бетімен шығып үлгірген. Кинологиялық қызмет өкілдері Алеся лақап атты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен 8 шаршы метрді құраған. Алдын ала мәлімет бойынша үйде 50 адам тұрады. Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады. Сол жерде комиссия мүшелері жұмыс істеуде.