10 жастағы баламен жартылай жалаңаш жатқан мектеп-интернатының тәрбиешісі жұмыстан босатылды

0
2 365

10 жастағы баламен жартылай жалаңаш күйде жатқан Қаскелеңдегі мектеп-интернатының тәрбиешісі жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баланың әкесі берген арыз бойынша Алматы облысының Білім басқармасы жан-жақты қызметтік тергеу жүргізіп, оның қорытындысы деректерді растаған. "Интернат нормалары мен ережелерін дөрекі бұзғаны үшін баланың әкесі көрген тәрбиеші және мектеп директоры жұмыстан босатылды", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел. Еске салайық, оқиға биыл 2 наурызда болған еді. "№6 бөлменің есігін ашып қалған едім, қорқып қалған баламды, оның жанындағы төсекте беліне дейін жалаңаш Бақыт деген тәрбиеші әйел мен мектепке еш қатысы жоқ тағы бір әйелді көрдім", - деп жазған болатын баланың әкесі. Кейін тәрбиеші балалар төсегінде жатып массаж қабылдағанын айтып ақталған.