13 жастағы қазақ қызы Италияда байқаудың жеңімпазы атанды (видео)

0
2 841

ТМД елдерінен барған қатысушылар арасында байқаудың финалына жалғыз өзі өткен


13 жастағы қазақ қызы Италияда байқаудың жеңімпазы атанды (видео)

ERNUR.KZ. 13 жастағы Аружан Ардақ Италиядағы Premio Mia Martini байқауының вокалдық сыйлығын иеленді. Кішкентай ару ТМД елдерінен барған қатысушылар арасында байқаудың финалына жалғыз өзі өткен деп хабарлайды nur.kz.

1995 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Premio Mia Martini байқауының сыйлығын алғаш рет Қазақстан азаматы жеңіп тұр. Оған 4-45 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады екен.

Аружанның тамаша әнінен кейін Италияда оның өнеріне табынушылар пайда болған. Оған байқауда сыйлықты қала мэрі Марио Ромеоның өзі табыстады.

Әншіліктен бөлек жасөспірім отандық телеарналардың бірінде тележүргізуші ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ ол кәсіби фотосессиялар жасап, ресейлік және қазақстандық сәнді жиындарға қатысады.

YouTube желісінде Аружанның шетелдік байқауда өнер көрсетуін 50 мыңға тарта адам көріп, жақсы пікірлерін білдірген. Көпшілік еліміздің кішкентай жұлдызын мақтан тұтатындарын жеткізіп, оған сәттілік тілеуде.