135 млрд теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғандар сотталды

0
536

Заңға қайшы іс-әрекетке шетелдік азаматтарды қоса есептегенде 300 адам тартылған.


135 млрд теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғандар сотталды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолы кесілгенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"Заңға қайшы іс-әрекетке шетелдік азаматтарды қоса есептегенде 300 адам және 500 жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған болып шықты", - дейді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзімдеріне соттады.

Сондай-ақ Комитет өкілдері осы қылмысты тергеу тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік бергенін бас айтты.