14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады деген ақпарат жалған

0
1 077

Премьер-министрдің баспасөз қызметі ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.


14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады деген ақпарат жалған

Қазақстандықтар мессенджерлерде елдің кей өңірінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпаратты бөлісіп жатыр, деп жазады Stopfake.kz.

Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде тарап жатыр.
Алайда премьер-министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.