Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде 15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойылатыны туралы хабарламалар тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
Хабарламада Алматыда карантиннің күшейтілетіні туралы айтылады. Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарламаға қатысты пікір білдірді.
"Бүгінде Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, блокбекеттер қою немесе қаланы жабу жоспарда жоқ. 15 қарашада блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат жалған", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Еске салайық, мұның алдында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада егде жастағы адамдардың арасында коронавирус өршіп жатқанын айтқан болатын.