Қазір жараланған оқушы мен ұстаз үйлеріне жіберілген.
ERNUR.KZ. Павлодардағы мектептердің бірінде өзінің қатарласы мен ұстазды пышақтаған балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Анықталғандай, жараланған баланың жасы 16-да, ал ұстаз 59 жаста. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларды хирург дәрігер қараған.
«Зардап шеккен әйел мен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне босатылды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы құрдасының арқасы мен иығын, ал, ұстазының кеудесі мен иығын жаралаған.