Бұл күн ұлттық киімге арналады.
фото: ғаламтордан
18 наурыз – Ұлттық киім күні, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
"Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.
Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететін.
Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.
Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз", - делінген хабарламада.