Өңірде екпемен қамтылғандардың қатарында 7088 жүкті әйел, 19688 медицина қызметкері, 77310 он төрт жасқа дейінгі балалар және басқалар бар.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында тұмауға қарсы екпені 189 мыңнан аса адам қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұмауға қарсы имундау жұмыстары қызу жүргізілуде .
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020-2021 жылғы эпидмаусымда тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» 2020 жылғы 5 қыркүйектегі №51 қаулысына сәйкес тұмауға қарсы иммундау науқаны ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен басталды. Бүгінгі таңда 189 059 тұлға тұмауға қарсы екпе алды»,-делінген хабарламада.
Бұл көрсеткіш жалпы облыс тұрғындарын 16,35 пайызын құрайды. Өңірде екпемен қамтылғандардың қатарында 7088 жүкті әйел, 19688 медицина қызметкері, 77310 он төрт жасқа дейінгі балалар және басқалар бар.