200 теңгелік тиын ақша айналымға шықты

0
4 143

Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады.


200 теңгелік тиын ақша айналымға шықты

фото: baq.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі биыл номиналы 200 теңгелік монетаны айналымға шығарады, деп жазады 24.kz.

Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттарға қарағанда монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл, – деді қолма-қол ақша айналысы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов.

Қолма-қол ақша айналымын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік айналыстағы монетаны шығару туралы шешім қабылдады.

Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады, – деді Ұлттық банктің өкілі.

Номиналы 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарудың жоспарлы көлемі айналымдағы монеталардың жалпы сомасының 26% құрайды.