2020 жылы Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы тойланады

0
2 054

Жаңа 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 25 жылдығын атап өту міндеті тұр.


2020 жылы Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы тойланады

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, 2020 жылы өтетін маңызды оқиғаларды атады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Келе жатқан Жаңа жылға орай шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Бұл – баршаға қуаныш, жан жылуы мен болашаққа деген ізгі үміт сыйлайтын ең жарқын және асыға күтетін отбасылық мерекелердің бірі. Өткен жыл маңызды және тағдыршешті қоғамдық-саяси оқиғалар жылы болды.Халықтың даналығы арқасында Қазақстан даму мен жасампаздық жолын жалғастырды. Біз күш-қуатымыздың бірлікте екенін және оның пікірлер алуандығына, тәсілдердің әртүрлілігіне, жаңа идеялардың байлығына сүйенетінін іс жүзінде дәлелдедік», - делінген ҚХА құттықтауында.

Жаңа 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ел Конституциясының 25 жылдығын атап өту міндеті тұр.

«Сонымен бірге, азаматтық жауапкершілік сезімі мен ерікті қызмет ету арқылы өмірді жақсартатын Волонтерлер жылы келе жатыр. Абайдың 175 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы Ұлы даланың рухани мәдениетінің, ғылымы мен тарихының жаңа қырларын ашады. Келер жылы халықтың әл-ауқатын арттыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсаймыз», -деп жазды ҚХА.