2021 жылы қазақстандықтар аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі әзірленеді

0
2 815

​Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.


2021 жылы қазақстандықтар аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі әзірленеді

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2021 жылы азаматтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сай жазу ережелері әзірленеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы мәденииет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтылды.
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің 2021 жылы атқаратын жұмысына тоқталды.

"Абай институты" атты Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету бағдарламасын жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейту жоспарланған. Сондай-ақ, азаматтардың аты-жөнін латын негізді әліпбимен жазу ережелері әзірленеді", - Дәуешов.

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде стандартталады.

Вице-министрдің айтуынша, 2021 жылы президенттің "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы" жарлығына да өзгерістер енгізіледі.

Айта кетейік, қаңтардың аяғында премьер-министр Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Жиында латын графикасына негізделген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.