2022 жылғы 2 наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енеді

0
910

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға қол қойды.


2022 жылғы 2 наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енеді

Құжат биыл 2 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, заңмен, жекелеген санаттағы жануарларды мәдени ойын-сауық мақсаттарында, эксперименттік (зертханалық), қызметтік, үй, қараусыз және қаңғыбас жануарларды асырау және ұстау кезіндегі талаптар белгіленген. Сондай-ақ барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу және осындай насихаттың кез келген нысандарына тыйым салу енгізіледі.

«Бүгінгі таңда бұрын-соңды заңнамамен қамтылмаған құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі қағидалары белгіленді. Үй жануарларына асырауды реттеуге бағытталған НҚА жобаларын бөліп көрсетуге рұқсат етіңіздер. Олар үй жануарларын ұстау мен серуендетудің типтік ережелері; үй жануарларын есепке алу ережелері; жануарларды тасымалдау ережелері; есепке алынатын үй жануарларының тізбесі; тұрғын үйлерде ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізімі; жануар иесінің ерекше жауапкершілігін қажет ететін үй жануарларының тізімі», - деді спикер.