2022 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгереді

0
2 516

2022 жылы елдегі айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеге көтерілді.


2022 жылы айыппұл мөлшері қалай өзгереді

ERNUR.KZ. Осыған байланысты әлеуметтік көмек және қызмет көрсету бағасымен қатар айыппұл мөлшері де артады, деп жазады stan.kz.

график

Әкімшілік және жол жүру ережесін бұзғаны үшін де салынатын айыппұл былай өзгереді:

  • Экологиялық нормаға жауап бермейтін көлікті басқарғаны үшін – 2 АЕК, (2021 жылы 5 834 жылы, 2022 жылы 6 126 теңге);
  • Қоғамдық көлікте және адам көп жиналатын орында маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл – 30 АЕК, (2021 жылы 87 510, 2022 жылы 91 890 теңге);
  • Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін салынатын айыппұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншіге салынатын айыппұл – 2 АЕК, (2021 жылы 5 834 теңге, 2022 жылы 6 126 теңге);
  • 10-нан 20 шақырым сағатына жылдамдыққа асырғаны салынатын айыппұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • 20-дан 40 шақырым сағатына жылдамдыққа асырғаны үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • 40 шақырым сағатына жылдамдықтан асса – 20 АЕК, (2021 жылы 58 340, 2022 жылы 61 260 теңге);
  • Себепсіз жол ортасына тоқтап, кептеліс тудырғаны үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін салынатын айыпұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетені үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Тыйым салынған жермен жүргені үшін салынатын айыппұл мөлшері – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
  • Тыйым салынған жерде тоқтағаны үшін – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
  • Жол-көлік оқиғасы орынынан кетіп қалған жүргізушіге салынатын айыппұл – 1 000 АЕК, (2021 жылы 2 917 000 теңге, 2022 жылы 3 063 000 теңге);
  • Жедел жәрдем қызметіне, полицияға, өрт сөндіру қызметіне, апаттық құтқару қызметіне жалған қоңырау шалу үшін салынатын айыппұл – 30 АЕК, (2021 жылы 87 510 теңге, 2022 жылы 91 890 теңге).