Құжат "Ашық НҚА" сайтында 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.
2022 жылдың 1 қаңтарында тағайындалған еңбекке жарамдылығынан және асыраушысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бес пайызға арттырылсын, делінген құжатта.
Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.