2022 жылы күздік бидайдың шығымдылығы жоғары болады деп болжанып отыр

0
634

​"Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі 2022 жылғы күздік бидайдың шығымдылығын алдын ала болжады.


2022 жылы күздік бидайдың шығымдылығы жоғары болады деп болжанып отыр

ERNUR.KZ. 2022 жылы күздік бидайдың шығымдылығы жоғары болады деп болжанып отыр, деп жазады sputnik.kz.

"Биыл күздік бидайдың өсуі мен дамуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасты. Есептік деректерге сәйкес, Қазақстанның оңтүстік облыстарының басым бөлігінде күздік бидайдың өнімділігі көпжылдық мәнге жуық болады деп болжануда. Алматы облысы бойынша орташа өнімділік 19 ц/га, Түркістан облысында 17,5 ц/га, Жамбыл облысында 15,7 ц/га құрайды", - делінген хабарламада.

Айта кетері, Түркістан облысы бойынша болжам алғаш рет әзірленуде. Биыл Қазгидрометте жаңа болжау әдістемесі бейімделуден өтіп жатыр.
Оңтүстік облыстардың аумағы бойынша шығымдылық болжамы фермерлерге арналған "АgroData" қосымшасында қолжетімді.