2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады

0
564

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы декларацияға жатады.


2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады

ERNUR.KZ. Декларацияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайы, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайы кіреді, деп жазады zakon.kz.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері (мектеп, балабақша, аурухана, емхана қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер және т.б., яғни бюджет есебінен жалақы алатын барлық қызметкер) жатады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС, АҚ, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болатын ұлттық холдингтер, олардың еншілес, тәуелді ұйымдары және басқа да заңды тұлғалар жатады).

Декларацияны екі кезеңде тапсыру мерзімдері:

  • қағаз түрінде – 2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;
  • электрон түрінде – 2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Жалпыға бірдей декларация Қазақстанда төрт кезең бойынша жүзеге асып жатыр. Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның бөлігі ретінде декларацияны:
  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайы;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайы;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайы;
  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы". "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация беруге міндетті тұлғалар.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы декларацияға жатады.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қалған санаттағы азаматтар декларациялануға жатады.