2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі

0
508

Бұл қазақстандықтарды қосымша зейнетақы төлемімен қамтуға мүмкіндік береді.


2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024-2028 жылдар аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен жұмыскерлерінің пайдасына аудару басталады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады.

Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады.