2025 жылға қарай мемқызметтер толығымен электронды форматқа көшіріледі

0
492

Бұған дейін айтып өткеніміздей, әлеуметтік-еңбек саласындағы 45 мемлекеттік қызметтің 93%-ы электронды түрде және 43%-ы проактивті түрде көрсетіледі.


2025 жылға қарай мемқызметтер толығымен электронды форматқа көшіріледі

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов елімізде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер 100% электрондық форматқа көшірілетінін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін айтып өткеніміздей, әлеуметтік-еңбек саласындағы 45 мемлекеттік қызметтің 93%-ы электронды түрде және 43%-ы проактивті түрде көрсетіледі.

Енді министрлік бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

2025 жылға қарай әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 100%-ы электрондық форматқа, оның ішінде кемінде 60%-ы проактивті форматқа ауыстырылады. Яғни мемлекеттік қызметтер көрсету көлемін жылына 6 млн-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, - деп толықтырды вице-министр Ербол Оспанов ОКҚ-да.

Яғни азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО-ларға, әкімдіктерге, банктерге және басқа да инстанцияларға барудың қажеттілігі болмайды.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 45 түрін көрсетеді.