29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

0
1 042

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жетті.


29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жетті, 25 кенші әлі де жер астында.