​29 жастағы миллионер Қазақстаннан жұмыс істейтін адам іздейді

0
2 452

Қазақстандық жас ғалым денсаулық сақтау саласы технологиясына төңкеріс әкелмек.


​29 жастағы миллионер Қазақстаннан  жұмыс істейтін адам іздейді

ERNUR.KZ. Қазақстандық жас ғалым денсаулық сақтау саласы технологиясына төңкеріс әкелмек. 29 жастағы Артур Саудабаев досымен бірге жасап шығарған биомедицина саласындағы өнертабыс халықаралық инвесторлардың көзіне түскен. Табысқа жеткен стартапер өз өнімін Қазақстанға ұсынбақ, деп жазады Today.kz.

"Болашақ" бағдарламасы арқылы білім алып жүріп қазақстандық Артур Саудабаев Грекияның тумасы Янис Киахополуспен танысқан. Олар үш жыл бұрын Калифорнияда Causaly-платформасын жасап шыққан. Платформа миллиондаған құжатты зерттеуге мүмкіндік береді.

Саудабаев Джерард Даймондтың "Guns, Germs and Steel" кітабын оқып шыққан соң, өнертабыс ойлап табуға кіріскен.

"Түрлі мәдениеттің өркендеуі туралы кітап ақпаратқа толы болғаны соншалық, елу беттен кейін неден басталғанын ұмытып қалдым. Мен ақпаратты конспект ретінде қағазға түсіруге тырыстым, бірақ бұл қиындық тудырды. Көп ақпаратпен жұмыс істейтін адамдар үшін бұл үлкен мәселе. Біз ғылыми құжаттарды оқып, себеп-салдарын анықтап беретін жүйе құруға кірістік.

Одан әрі бағдарлама білім желісін құрап, кілт сөздерді іздеуге мүмкіндік береді

Бұл іздеуге кететін уақытты үнемдеуге таптырмас көмекші, Knowledge Graph білім желісіне кіруге де мүмкіндік аласыз. Адам оқып, талдай алатыннан біраз есе көп әдебиет қамтылған. Бұл тез әрі тиімді", – дейді Артур.

Фото -

Жігіттер 2017 жылдың жазында платформа жасауға кіріскен, қыста алғаш рет жобаны ұсынған. Стартап Novartis швейцариялық фармацевтикалық компаниясымен серіктесіп жұмыс істей бастаған. Жаңалық Marathon Venture Capital қорын да қызықтырған, аталған компанияның басшылығы жобаны қаржылай қолдау шешімін қабылдаған. Causaly-платформасының дамуына бір миллион АҚШ доллары бөлінген. Жобаны Надав Розенберг, Чарли Сонгхерст, Мэтт Клиффорд, Александр Мошо сияқты инвесторлар мен Emerge Education компаниясы қолдаған.

Артур айтып отырған "Білім желісі" ақпаратқа күрделі талдау жасап, жаңа гипотез құрастырады. Басқаша айтқанда, жүздеген мақаланы тез арада талдайтын платформа айырмашылықты салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ауру мен оны тудыратын себепті анықтай алады.

Сондай-ақ бірдей жағдайдан туындайтын ауру түрлері кластерге бірігеді, бұдан емдеу стратегиясы бір-біріне ұқсас болуы тиіс деген қорытынды шығаруға болады немесе керісінше.

"Қазір біз Лондон мен Афинада кеңсемізді аштық. Кеңейіп жатырмыз, адам жалдап, өнімімізді жақсарту үстіндеміз. Нарықты одан әрі қамти түссек дейміз", – деді Артур Саудабаев.

Одан бөлек, Артур Қазақстандағы ғылыми орталықтар мен университеттермен әріптестік байланыс орнатпақ. Жас миллионер тарихи Отанынан интеллектуалды жүйе, көлік оқытуы мен компьютерлік көру салаларымен айналысатын дарынды адамдарды іздейтінін айтты.