Енді карталардың және ұйымдар анықтамалығының деректері қазақ тіліне аударылды.
ERNUR.KZ. 2GIS қазақ тіліне аударылған карталар мен ұйымдардың анықтамалығын тестілеу режимінде іске қосады, деп жазады baq.kz.
Енді карталардың және ұйымдар анықтамалығының деректері қазақ тіліне аударылды. Мұның арқасында 2GIS-те дүкендерді, дәріханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, мәдениет мекемелерін, көрікті жерлерді және басқа да орындарды Қазақстанның мемлекеттік тілінде де іздеп табуға болады. Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент және т.б. сияқты Республиканың 41 қаласы мен 1245 елді мекенінің анықтамалық деректері мен карталары аударылды.
Жұмыс басында анықтамалық құрылымын аударуға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары көмектесті, кейін деректерді егжей-тегжейлі пысықтауға біз компаниядан тыс басқа кәсіби аудармашыларды қостық, - дейді 2GIS-тің Анықтамалық-картографиялық өндіріс жөніндегі директоры Елена Толкачева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда алғашқы маңызды қадам жасалды.
Еліміздің ірі қалалары мен агломерацияларының анықтамалығы мен карталары аударылды. Енді біз жаңартылған сервисті ашық тестілеуге кірісеміз. Біз пайдаланушылардың кері байланысын қуана қабылдайтын боламыз. Оны қате туралы хабарлар арқылы қосымшаның өзінде немесе 2gis.kz сайтында қалдыруға болады. Мұндай хабарлар қазақ тілінде іздеу мен сервистің басқа да функцияларының жұмысын жетілдіріп, болашақта аударманы толықтыруға көмектесетін болады, - деді ол.