«2GIS» мобильдік қосымшасында шомылуға болатын және болмайтын орындар көрсетіледі

0
426

Өткен жылы суға шомылу кезеңінде еліміздің су айдындарында үш жүзден астам адам суға батып кетті.


«2GIS» мобильдік қосымшасында шомылуға болатын және болмайтын орындар көрсетіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп жазады baq.kz.

"Су айдындарында қаза болуды азайту үшін «2GIS» мобильдік қосымшасында елдің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындарға ақпарат енгізіледі. Өткен жылы суға шомылу кезеңінде еліміздің су айдындарында үш жүзден астам адам суға батып кетті", - деді министр.
Ол атағандай, адамдардың қаза болуының негізгі себептері - мас күйінде шомылу, өз күшін дұрыс бағаламау, жүзе алмау, балаларды су айдындарында қараусыз қалдыру.


"Осы мүмкіндікті пайдаланып, әрбір тұрғынға-судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау өз өмірін, өз туыстары мен жақындарын сақтауға көмектеседі, әсіресе балаларды", - деді ол.
Юрий Ильин атағандай, министрліктің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін, тыныштығын және қорғалуын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін адал орындайды.


Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 54 қызметкер қаза тапты, - деді ол.