3 елдің қыздары ауаның ластануын талдау үшін стратосфераға наноспутниктерді ұшырды

0
694

Шағын ғарыш аппараттарының класына жататын наноспутниктердің салмағы 10 келіге дейін жетеді және бірнеше камералармен жабдықталған, олардың бірі Жердің эллиптикалық бейнесін 4К режимінде түсіруге қабілетті.


3 елдің қыздары ауаның ластануын талдау үшін стратосфераға наноспутниктерді ұшырды

ERNUR.KZ. UniSat (Uni – UNICEF-тің, Sat - satellite білім беру бағдарламасына қатысушы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандық 150-ден астам қыз стратосфераға үш заманауи наноспутникті ұшырды, деп жазады baq.kz.

Шағын ғарыш аппараттарының класына жататын наноспутниктердің салмағы 10 келіге дейін жетеді және бірнеше камералармен жабдықталған, олардың бірі Жердің эллиптикалық бейнесін 4К режимінде түсіруге қабілетті. Датчиктер сәуле, қысым, ауырлық, жарық және газ құрамы туралы мәліметтерді жинайды, ал үлкен көлемдегі мәліметтер, бейнелер мен суреттер талдау үшін Жерге жіберіледі.

Бүгінгі таңда наноспутниктер әлемнің көптеген жетекші университеттерінде және коммерциялық ұйымдарда жасалуда. UniSat спутниктері білім беру мақсаттарына арналған.

Бүгінгі спутниктерді ұшырудың символды мәні бар. Ол Орталық Азиядағы қыздар мен әйелдердің шексіз әлеуетін көрсетеді. Олардың ғылым мен техниканың шекарасын кеңейту қабілетін паш етеді. Биылғы жылы бағдарламаға үш елден 2000 қатысушыны қосып, оларды ғылым, техника, инженерия және математика саласындағы білім мен мансапты жалғастыруға шабыттандырғанымызға өте қуаныштымыз. UniSAT бағдарламасының нәтижелері қоғамдағы ғарыштық өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп сенеміз, - деді Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен.

Наноспутниктерді Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Технопаркінде 10 күндік марафон аясында қыздар құрастырды. UniSat жобасының қатысушылары ғарыш аппараттарын жобалау, әрлеу, бағдарламалау және құрастыруды игерді. Олар ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтан зондтау орталығына бара алды. Қыздар алған теориялық білімдерін сабақ барысында бірден қолданды. Менторлардың жетекшілігімен олар наноспутниктердің корпустарын 3D-модельдеу арқылы жобалап, оларды 3D принтерге басып шығарды. Сондай-ақ, қыздар UniSat наноспутниктерінің ішкі жүйелерін бағдарламалап, оларды іске қоспас бұрын зертханалық жағдайда сынап көрді.

Қырғызстанда 15-19 жас аралығындағы әрбір үшінші қыз компьютерлік сауаттылыққа ие және қыздардың 80 пайыздан астамы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды таңдайды. Бірақ бұл таңдау қыздардың кәсіби мүдделері мен ұмтылыстарын қаншалықты көрсетеді? Сондықтан 2020 жылы ЮНИСЕФ қыздарға көкжиегін кеңейтуге, гендерлік стереотиптерді жеңуге және мамандық таңдауға көмектесу үшін «Ғылымдағы қыздар» бағдарламасын бастады. Жыл сайын 10 мыңнан астам қыз осы бастамаға ортақтаса қатысып, уақыт өте келе қыздар көптеп ғылыми мансаптың дамуына сенім артады. Осы тұрғыда наноспутниктерді іске қосу бойынша іс-шара біз үшін екі жылдық жұмыстың нәтижесі ғана емес, сонымен қатар қыздар мен біздің жастарымыздың әлеуетіне шабыт, - деп атап өтті Қырғызстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Юлия Олейник.

Қатысушылар келесі сілтеме бойынша қол жетімді UniSat онлайн-курсынан өткен 2 000 қыздың ішінен таңдалды: Әл- Фараби ат. ҚазҰУ Қыздарға арналған UniSat наноспутниктерін әзірлеу бойынша білім беру бағдарламасы (UNEPG) | ЖАОК (kaznu.kz).

Ұшыру барысында наноспутниктер алған қоршаған орта туралы ұшу деректерін өңдеу, деректерді визуализациялау, миссия туралы есепті дайындау және деректерді ғылыми және практикалық мақсаттарда пайдалану БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ онлайн-курс бағдарламасына енгізілді. Қыздар командада жұмыс істеу дағдыларын, Linux-та бағдарламалау негіздерін меңгерді, сондай-ақ аэроғарыштық технологиялар саласындағы жетекші қазақстандық сарапшыларды тыңдады.

Өзбекстанда, әлемнің басқа елдеріндегі сияқты, әртүрлі себептерге байланысты ұлдар мен қыздар арасында компьютерлік сауаттылық, техникалық білім және мансап салаларында айтарлықтай алшақтық бар. UniSat білім беру бағдарламасы осы алшақтықты азайтуға, қыздарды ғылым мен технология саласындағы тиісті дағдыларға қызықтыруға және үйретуге бағытталған. UniSat Өзбекстан жастары арасында технологиялық салалардағы гендерлік мәселеге қалың жұртшылықтың назарын аударуға көмектеседі. Біз бұл жобаға қатысушылардың өз үлгі - өнегесімен құрдастарын өздеріне сенуге шабыттандыратынына сенімдіміз. Олар қыздардың кез келген салада табысты бола алатындығын жеке мысалмен көрсетеді, - деді ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы Мунир Мамедзаде.

UniSat – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру бағдарламасы. UniSat бағдарламасының мақсаты наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен біліктілігін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және креативтілік сияқты дағдыларды жетілдіру болып табылады.

UniSat бағдарламасы “Dubai Cares” халықаралық білім беру қорының, Clé de Peau Beauté брендінің және филантроп Назанин Алакия ханымның қолдауымен іске асырылады.