30 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

0
509

Депутаттар 1 шілдеден бастап тамыз айының соңына дейін "жазғы каникулда" болады.


30 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

ERNUR.KZ. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов 30 маусымда Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылдың 30 маусымында сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген өкімде.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы VII шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясын аяқтады.
Депутаттар 1 шілдеден бастап тамыз айының соңына дейін "жазғы каникулда" болады.