320 мыңнан астам қазақстандықтың банктегі шоттарынан шектеу алынды

0
977

Бұл 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алуына мүмкіндік беру үшін жасалды.


320 мыңнан астам қазақстандықтың банктегі шоттарынан шектеу алынды

ERNUR.KZ. Биылғы 4-6 сәуір аралығында мемлекеттік кірістер органдары жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 320 мыңнан астам банктік шоттарына қойылған шектеулер алынып тасталды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткендей, бұл, 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алуына мүмкіндік беру үшін жасалды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған адамдарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмекті аудару басталды. Осыған орай, өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттері тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді кері қайтаруда», - делінген ақпаратта.