4 қаңтар күні мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді

0
928

Жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


4 қаңтар күні мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді

ERNUR.KZ. 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚР ІІМ бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар «АӨО» РМК қарамағына берілді. Бүгінде «АӨО» РМК және «ҰАТ» АҚ «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген хабарламада.

Осыған байланысты 2020 жылғы 4 қаңтарда мамандандырылған ХҚО-лар қызмет көрсетпейді.