4 жыл бұрын Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдікті ұсталды

0
638

2020 жылғы мамырдың соңында Қарағандыда белгісіз біреулер инкассаторлар мінген автокөлікке әдейі жол-көлік оқиғасын жасап, көліктен 70 миллион теңге мен қаруларын алып, қашып кеткен.


4 жыл бұрын Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағанды полициясы инкассаторларға шабуыл жасаған төртінші күдіктіні ұстады, деп жазады stan.kz.

2020 жылғы мамырдың соңында Қарағандыда белгісіз біреулер инкассаторлар мінген автокөлікке әдейі жол-көлік оқиғасын жасап, көліктен 70 миллион теңге мен қаруларын алып, қашып кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстап, 30 миллион теңгені тәркіледі. Ал төртінші күдікті қашып кеткен.

Тергеу әрекеттері және сот отырысы барысында ұсталғандардың әрқайсысы өздерін ақтауға тырысып, барлық кінәні қашып кеткен күдіктіге жаппақ болды. Тергеу әрекеттері мен соттың отырысы нәтижесінде ұсталған күдіктілер 10 жыл, 11 жылға сотталды.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Алматы облысынан халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы тұрғынды ұстады. Ол 2020 жылы мамырда жасаған қылмысы бойынша жауап береді.