400-ге жуық қазақстандық ауыр жүк көлігі Польшада тұрып қалды

0
1 210

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көлік комитеті хабарлады.


400-ге жуық қазақстандық ауыр жүк көлігі Польшада тұрып қалды

ERNUR.KZ. Биыл 21 ақпаннан бастап Польшада Еуропалық Одақтан басқа барлық елдердің тасымалдаушы жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған, деп жазады orda.kz.

Нәтижесінде осы елдің аумағында 400-ге жуық қазақстандық ауыр жүк көліктері тұрып қалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көлік комитеті хабарлады.
Отандық жүк тасымалдаушылардың өтуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстандық тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандық вагондардың өзекті тізімін жасады.
«Варшава және Вильнюстегі Қазақстан Республикасының елшіліктерімен бірлесе отырып, Польша және Литваның көлік саласындағы уәкілетті органдарымен қазақстандық көліктің шығуына рұқсат беру бойынша келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, 24 ақпанда Литва Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның отырысы өтіті. Онда Польшада орналасқан қазақстандық автокөліктердің Литва аумағы арқылы өтуі туралы мәселе келісілді. Жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін 2023 жылға ауыстырылатын рұқсат бланкілеріне квота белгіленді», - деп хабарлады аталған министрлік.
Литва тарапына олардың аумағы арқылы кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін қазақстандық көліктердің тізімі ұсынылды.