42 500 теңге: "Қазпошта" виртуалды карта шығара бастады

0
1 234

​"Қазпошта" виртуалды картасын post.kz сайтында ресімдеуге болады. Ол тегін ашылады және пайдалану ақысы алынбайды.


42 500 теңге:

ERNUR.KZ. "Қазпошта" қазақстандықтар карантин кезінде 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемақыны үйде отырып алу үшін онлайн-шот қызметін іске қосты, деп жазады sputniknews.kz.

"Бүгін сол онлайн-сервисті сіздерге таныстырмақпын. Енді төлем картасына немесе шот ашуға тапсырысты смартфондарыңыздан онлайн түрде бере аласыздар. Бөлімшеге келудің қажеті жоқ", - дейді "Қазпошта" басшысы.

Ол қызмет кеше күндіз іске қосылғанын, алайда AppStore мен Playmarket-те жаңартылғанша бұл туралы хабарланбағанын атап өтті

"Біздің тұрақты клиенттеріміз – post.kz қолданушылары сайттан жаңа қызметті тауып, оны өздері сынақтан өткізіп үлгерді. Қазір қызмет IOS-те және post.kz сайтында қолжетімді. Playmarket-те жаңартылғанын күтіп отырмыз", - деп хабарлады Сәкен Сәрсенов.

Kazpost Virtual виртуалды картасын post.kz сайтында ресімдеуге болады, карта бірден шығарылады. Оны зейнетақы, жәрдемақы және алименттерді алудан басқа, интернет арқылы тауарларды қауіпсіз сатып алуға пайдалануға болады.

Сәрсеновтың айтуынша, қазірдің өзінде 1000-нан астам виртуалды карта шығарылған. Ол карта тегін ашылатынын, пайдалану ақысы да алынбайтынын атап өтті.