42 500 теңгені алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

0
860

Президент бірыңғай жиынтық төлемді алғаш рет төлеген азаматтардың қайтадан "көлеңкеге" кетуіне жол бермеуді тапсырды


42 500 теңгені алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай жиынтық төлем аудару арқылы 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Бірыңғай жиынтық төлем жасау жаңа әлеуметтік төлемді алудың шарты ретінде белгіленген болатын. Осы көмекті алғандардың 40 проценті – бірыңғай жиынтық төлемді алғаш рет төлеген азаматтар. Дәл осы адамдарға мемлекеттік қолдау қажет. Оларды экономикаға барынша тарту керек", - деді Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Президент осы санаттағы азаматтардың қайтадан "көлеңкеге" кетуіне жол бермеу қажеттігін айтты. Себебі тағы жасырын кәсіп жасаса, әлеуметтік қорғаусыз қалады. Мемлекеттік қолдау болмайды. Ал қиын жағдайда көмек алу үшін, сондай-ақ, болашақта лайықты зейнетақы алу үшін ресми түрде жұмыс істеп, салық төлеп отыру қажет.

"Сол себепті дәл осы санаттағы адамдар уақытша жұмыссыз қалғандармен бірге үкімет пен әкімдердің назарында болуы шарт", - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, нарықтық экономика жағдайында кез келген адам уақытша жұмыссыз болып қалуы мүмкін. Осыған байланысты, президент үкіметке еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркелу және осы санатқа тиісті жәрдемақы беру тәртібін барынша жеңілдетуді тапсырды.