456 жүк станциясы автоматтандырылды – ҚТЖ

0
1 214

2019 жылы Тәжікстан және Өзбекстанмен электронды алмасу жоспарланып отыр


456 жүк станциясы автоматтандырылды – ҚТЖ

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында «Қазақстан Темір жолы» АҚ президенті Қанат Алпысбаев айтты, деп жазады Bag.kz.

Ол елдегі теміржол саласында цифрландырудың қалай жүріп жатқанына тоқталып өтті.

«Цифрландыру компания қызметінің барлық бағытын: теміржол инфрақұрылымы, жүк, мультимоделділік және жолаушылар тасымалын қамтиды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кіретін «Асу» магистраль жобасы аясында 6 мобильді диагностикалық кешенді қамтиды. Оның үшеуі желтоқсан айының ортасында, қалған үшеуі 2019 жылдың ортасында бастайды», - деді компания басшысы.

Бас теміржолшының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 456 жүк станциясы іске қосылған.

«Жүк тасымалы саласында клиентті арттыру шеңберінде жүктерді кезінде жеткізді. Шекарадан өту ресімдері және басқа теміржол әкімшілерімен электронды деректер алмасуды қамтамасыз етудегі міндеттер өзекті болып отыр. Қазіргі кезде барлық жол тасымалдаудағы жұмыстарды автоматтандырылған жүйесі іске асырылады. Барлық 456 жүк станциясы қосылды. Республика үшін қатынастардың жоспарын беру және бекіту уақытын 11 сағаттан 5 минутқа дейін, экспорттық қатынаста 35 сағаттан 1 сағатқа дейін қысқарту қарастырылған. Ресей, Қытай, Әзербайжан және Қырғызстан электронды алмасуы заңдастырылды. Сонымен қатар, 2019 жылы Тәжікстан және Өзбекстанмен электронды алмасу жоспарланып отыр», - деп айтты Алпысбав.