«5-10-20» бағдарламасы бойынша әр өңірдегі тұрғын үй шаршы метрінің бағасы аталды

0
1 031

Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады


«5-10-20» бағдарламасы бойынша әр өңірдегі тұрғын үй шаршы метрінің бағасы аталды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәжіліс міндетті түрде вакцинациялау шарасын мақұлдады «5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

несие мөлшерлемесі - 5 пайыз;

алғашқы жарна - 10 пайыздан;

несиелеу мерзімі - 20 жылға дейін.


Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Банк басқармасының төрағасы несиенің максимал сомасы әр өңірге байланысты:


- Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды;


- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды;


- басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.


Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метрдің бағасы:

240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында;

220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;

200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;

180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында;

160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда.