5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді айдауға тыйым салынады: бүгінге дейін қанша көлік тіркелді

0
258

Бүгінгі таңда республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і – Алматыда.


5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді айдауға тыйым салынады: бүгінге дейін қанша көлік тіркелді

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Қазақстанда мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті, деп жазады zakon.kz.

Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.

Айта кету керек, 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Бүгінгі таңда республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і – Алматыда.