​5 жасар қызды зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалмайды

0
767

Сұмдық оқиға өткен жылы 23 шілдеде тіркелген еді.


​5 жасар қызды зорлаған педофилге химиялық кастрация жасалмайды
Сәтпаев қаласында "бес жасар қызды зорлады" деп айыпталған күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал, оның әйелі 22 жылға кесілді. Қоғамның наразылығын тудырған іс жабық жағдайда өтті. Тергеу барысында анықталғандай, 62 жастағы күдікті алкогольдік ішімдік ішіп, подьезде ойнап жүрген қызды күшпен үйіне алып кірген. Содан кейін, көршісін шақырып балаға зорлық-зомбылық жасауға үгіттепті. Ал, азғынның әйелі екі азаматтың арам пиғылын біле тұра қызға укол салып, есінен тандырғаны белгілі болды. Оқиға бойынша айыпталған тағы бір күдікті тергеу барысында суицидке барғандықтан, оған қатысты іс тоқтатылған. Осы әрекеттері үшін сотталушыларға ең ауыр жаза тағайындалды.
Бірақ, қылмыскерге химиялық кастрация жасалмайтын болды. Себебі, жүргізілген сараптама қорытындысы оны қажет деп таппаған.

"Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотымен, алқа билердің қатысуымен Сатпаев қаласында 5 жасар қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау сонымен қатар оның денсаулығына ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралып, ол бойынша үкім шығарылды. Қазіргі таңда Үкім заңды күшіне енген жоқ" - дейді Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы БЕКЗАТ ШАЛҒЫМБАЕВ.

Еске сала кетейін, сұмдық оқиға өткен жылы 23 шілдеде тіркелген еді. Аталған қылмыстан соң, ашуға ерік берген тұрғындар жаппай тәртіпсіздікке барып, азғынды өздері жазаламақ болған.