50 000 теңгелік мемлекеттік субсидия туралы хабарлама тарады

0
887

Бұған дейін Қазнетте «өмір жәрдемақысын» ресімдеу және «2022 жылға арналған көмекті қолдау қорынан» төлем алу туралы фейк ұсыныстар таратылған болатын.


50 000 теңгелік мемлекеттік субсидия туралы хабарлама тарады

What ‘ sApp мессенджерінде қазақстандықтарға ҚР Қаржы министрлігінен белгілі бір «мемлекеттік субсидия» төлеу туралы хабарлама таратылуда. Бұл фейк, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.




Хабарламада ұсынылған ҚР Қаржы министрлігінің сілтемесі іс жүзінде бөгде ресурсқа апаратыны көрініп тұр.
Министрліктің ресми порталында мемлекеттік субсидиялар төлеу туралы хабарландыру жоқ. Мұндай төлемдер туралы БАҚ-та да, басқа ресми ресурстарда да хабарланған жоқ.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінен.

Сонымен қатар, ақпаратты фейк екенін «субсидияны» алу әдісінен-ақ байқауға болады – хабарлама авторлары төлемдер туралы ақпаратты What ‘ sApp-та 20 адамға немесе бес топқа жіберуді ұсынады.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік төлемдер бұлай тағайындалмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазнетте «өмір жәрдемақысын» ресімдеу және «2022 жылға арналған көмекті қолдау қорынан» төлем алу туралы фейк ұсыныстар таратылған болатын.