«50-80 мың теңге көлемінде пара алуы мүмкін»: Атырауда шенеунік күдікті ретінде ұсталды

0
1 015

Қазір күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.


«50-80 мың теңге көлемінде пара алуы мүмкін»: Атырауда шенеунік күдікті ретінде ұсталды

ERNUR.KZ. «Атырау облысына қарасты ауданда сапаны бақылау бөлімінің басшысы "пара алды" деген күдікке ілінді, деп жазады Skifnews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаментінің айтуынша, Исатай аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімі басшының үстінен іс қозғалды.

Шенеунік тамақтану саласында кәсіпкерлерге қамқорлық танытамын деген оймен 50-ден 80 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған деп болжанды.

Қазір күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.