5,8 млн теңге жалған купюралар анықталды

0
1 077

Алаяқтар көбінесе номиналды құны 2 мың теңге болатын купюраларды қолдан жасаған.


5,8 млн теңге жалған купюралар анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда өткен жылы 5,8 млн теңгеге 1319 жалған ақша белгісі анықталды, деп жазады 7kun.kz.

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 6%-ға қысқарғаны. 2018 жылы 1408 дана — 6,4 млн теңгеге көлемінде жалған ақша анықталған.

Ұлттық банктің мәліметінше, өткен жылы анықталған жалған ақша белгілерінің жалпы көлемінен 1313-і — банкноттар, ал алтауы – монеталар.

Алаяқтар көбінесе номиналды құны 2 мың теңге болатын купюраларды қолдан жасаған — 420 дана. Бұл анықталған жалған ақшалардың 32%-ы.

Одан кейін номиналы 5 мың теңге – 395 дана (30%) және 10 мың теңге – 283 дана (22%). Қалған 16% басқа номиналдарға тиесілі, деп түссіндірді Ұлттық банкте.

Ведомствоның деректеріне сәйкес, өңірлік бөліністе анықталған жалған купюралардың саны бойынша қаржы орталығы Алматы көш бастады: 937 дана (71%). Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы — 106 дана, ал үшінші орында – Нұр-Сұлтан: 104 дана.