65 градустық ыстықта жұмыс жасаған

0
1 279

ШҚО-ның тау-кен қазу кәсіпорындарында кеншілер қауіпті жағдайда жұмыс істеген


 65 градустық ыстықта жұмыс жасаған

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тау-кен қазу кәсіпорындарында 1,5 мыңнан астам қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу фактілері анықталды деп жазады 24.kz.

2017 жылдың басынан бері облыс прокурорлары өңірдің 2 кен орнында орын алған 219 өндірістік жарақат алу фактісін тіркеді.

700 метрге дейінгі тереңдіктегі шахталарда пайдалану мерзімі өтіп кеткен көтергіш машиналар қолданылған. 7 тау-кен қазу орнында қосымша есіктер болмаған, ал ауаның температурасы 65 градустан асып кеткен.

Соттың шешімімен барлық қауіпті жерлердегі жұмыс тоқтатылды.

Ержан Рыспаев, облыстық прокуратураның 3-ші басқармасының басшысы: Ауаның 65 градус температурасында жұмыс істеу өрескел заңбұзушылық болып табылады, норма бойынша 2, күкіртті газ құрамы бұл нормадан 20 есе артып кеткен. Облыстық прокуратураның шешімімен жұмыс тобы құрылып, қазіргі уақытта жарақат алу деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.