Дәстүрлі шығыс медицинасын жақсы меңгерген қария дерттің сан алуан түрін емдеп жүр.
Түркістан облысында 66 жастағы қария алапес пен сиыр теміреткісінің емін тапты. Дәстүрлі шығыс медицинасын мықты меңгерген емші дерттің осы түріне шалдығып, көмек сұрап келген науқастарды шетінен емдеп жатыр. Ел арасында «жазылмайтын ауру» аталып кеткен дертті ол емдеуге болады дейді. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы демікпемен күресіп жүрген кез-келген жанды небәрі бір тәулікте ауруынан айықтыратынына сенімді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
"Мұның үстіне заглушка етіп маз жағатын болсаң гормоналный ішінде қалып кетеді. Сөйтіп, дәрігерге барасың, басқа жерге барасың жазылады. Қайтып келген соң, 10-15 күнде бәрібір шығады Сол үшін ішінен қайнап шығып кетуі керек", - дейді емші, дәстүрлі шығыс медицинасының академигі Сабыр Махаматов.
Дәстүрлі шығыс медицинасын жақсы меңгерген Сабыр Махаматов дерттің сан алуан түрін емдеп жүр. Әсіресе, ел арасында «жазылмайтын ауру» аталып кеткен «сиыр теміреткесі» мен «алапесті» бірнеше күнде жазып шығады.
"90 пайыз адамның жартысы псориаз емес, жартысының жартысы псориаз. Неге? Бүйрегі самалдағаннан кейін, бір жарым тонна қан тазалай алмайды тәулігіне. Тазалай алмаған соң, терінің астына келіп тұрып қала береді. Қан тамырдан тесіп шығып өледі де, бетіне қызарып шығады. Қандарды құртады", - дейді емші, дәстүрлі шығыс медицинасының академигі Сабыр Махаматов.
Алмас Әлиев өн бойына жабысқан дерттен жапа шегіп жүрген жанның бірі. Оның айтуынша, осыдан 1,5 жыл бұрын сол аяғына шыққан жара тұла бойына жайылып кетіпті. Дәрігерлерге көрініп, қажетті ем-дом алған. Алайда, шамалы уақыттан кейін, терінің беттері қайта қабыршықтанып, өршей түскен. Ауыл арасы емес пе, Сабыр Әлімханұлына келіпті. Міне, бір жарым айдай болды, ем қабылдап жүр. Нәтиже жоқ емес дейді.
"Дәрігерге бардым. Системалар жазып берді. Сыртына мазь жағып берді. Бәрін істедім, жазылмады. Содан кейін осы кісіге келдім. Қазір, жараның жартысы жазылды. Енді жәй кетіп жатыр", - дейді Сарыағаш қаласының тұрғыны Алмас Әлиев.
Сиыр теміреткесі денеңізге бір шықса, өмір бойы жазылмауы мүмкін деген қателіктен осы күні жұрт бірте-бірте арыла бастады. Таңертеңнен кешке дейін емшінің есік алдын торуылдап жүретіндер көп. Солардың бірі келестік Анарбай Тоқтыбай. 40 жылдай дерттің осы түрімен күресіп келген ол Сабыр ақсақалға көрінгелі ауруынан құлан-таза айығыпты.
"Бармаған жерім қалмады. Өзбекстанның дәрігерлері де тексерді. Москвадағы профессорға дейін барғанмын. Профессор «бұл дерт кетпейді, псориаз деді. Мұның әртүрі түрі бар. 300 түрі болады деді. Біреулерінің уақыты бар. Сол уақыты келгенде өзінен өзі жоқ болып кетеді деді. Содан бұл кісіні естідім де келдім. Дәрісін берді, бір аптаның ішінде төгіліп, тап-таза болдым", - дейді Келес ауданының тұрғыны Анарбай Тоқтыбай.
Емшінің көмегіне жүгінетіндер көп. Әсіресе, әскери салада қызмет еткен лауазымды офицерлер жетерлік екен. Адамның жеке өмірі болғандықтан, емші олардың аттарын атып, түстемеді. Бірақ, дерттен біржола айығып кеткендерін айтып, пайдасын тигізгеніне шүкірлік етіп отыр.
"Әр ауру әншейін емделіп кетеді. Менің практикамда көкірегінен рак болғандар да бар, қолтығынан рак болғандар да бар. Басқа жерден рак болғандар да бар. Туберкулездер ғой. Енді көп. Айтпа дейді. Емделіп-емделіп кетті олардың бәрі", - дейді емші, дәстүрлі шығыс медицинасының академигі Сабыр Махаматов.
Алапес жұқпалы ауру емес. Денеге белгілі бір дәруменнің жетіспеушілігінен шығады екен. Емдеу үшін сан түрлі әдіс қолданылады. Әрине, науқастың денсаулығына байланысты емдік шаралар қабылданады. Мәселен, Сабыр Әлімханұлы әрбір дертке көбіне табиғи шөптерді пайдаланады екен. Оны көрші Өзбекстаннан не болмаса жергілікті дәріханалардан тыпсырыспен алдыртады. Пациентке табыстайды. Рецептерін түсіндіреді.
"Осы ағаның берген дәрілерін ішіп, аурудан айығып, жақсы болып кетті. Военныйға жұмысқа тұрып, сол қызметін атқарып жатыр. Сабыр ағаға рахмет!", - дейді Сарыағаш қаласының тұрғыны Айжан Әлімқұлова.
Алыс ауылдар мен өзге аймақтан хабарласқан азаматтарды онлайн қабылдайды екен. Сырқатын түсіндірсе болғаны. Мына жақтан шөп дәрілер дайындап, жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктерге салып жібереді. Дәл осылай, емшіге келместен ақ, алыста отырып, ауруынан жазылып кетіп жатқандар бар екен.