"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады

0
635

Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралған. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.


ERNUR.KZ. Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы жалғасатын болды, деп жазады stan.kz.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 Қаулысымен қабылданды.

2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленеді деп көзделіп отыр", - делінген ақпаратта.

Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралған. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

"Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады", - деп түсіндірді Ұлттық банк.

2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 852,2 млрд теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілген.

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылған.