"7-20-25": "Қатысуға кем дегенде 300 мың теңге табыс болуы керек" деген сөз өтірік

0
1 059

Ипотекамен тұрғын үй сатып алған басқа өңір тұрғындарының орташа айлық табысы 70 мың теңге болды.


ERNUR.KZ. "7-20-25" бағдарламасының борышкерлері ай сайынғы ипотекалық төлемдерін мерзімінен кешіктермей төлеп келеді, - деп жазады тengrinews.kz.

Бұл туралы "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыстар департаменті таратқан хабарламада айтылады. Сондай-ақ, 2018 жылы ай сайынғы орташа төлем 55 мың теңге болғаны айтылады. Қарыз алушылардан түсетін ай сайынғы төлемнің жалпы көлемі шамамен 170 миллион теңге. АҚ таратқан мәлімет бойынша, "7-20-25" бағдарламасымен құны 8 бен 14 миллион теңге аралығындағы пәтерлерге сұраныс жоғары.

Құны 8 миллион теңге тұратын пәтер үшін ай сайынғы төлем (кредит мерзімі 25 жыл болғанда) 45 мың теңге, ал 10 миллион теңге пәтер үшін - 56 мың теңге, құны 12 миллион теңге пәтер үшін - 79 мың теңге.

"7-20-25" бағдарламасына қатысқан Астана қаласы тұрғындарының орташа айлық табысы 170 мың теңге, алматылықтардың айлық табысы 150 мың теңге, Шымкент тұрғындарының айлық табысы 120 мың теңге болған. Ипотекамен тұрғын үй сатып алған басқа өңір тұрғындарының орташа айлық табысы 70 мың теңге болды.

"Статистика кейбір БАҚ-та жарияланған "бағдарламаға қатысу үшін кем дегенде 300 мың теңге көлемінде табысың болуы керек" дейтін тұжырымдарды жоққа шығарып отыр", - дейді "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ өкілдері.

29 қаңтардағы жағдай бойынша халықтан 92 миллиард теңгеге 7949 өтінім қабылданған. Олардың ішінен банктер 55 млрд теңге сомасына 4612 өтінішті мақұлдаған.