Полиция қазақстандықтың ұялы телефонындағы сигнал арқылы соңғы рет қайда болғанын анықтаған.
ERNUR.KZ. 7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық Түркияда өлі табылды. 21 жастағы Арайлым Орынбаева 2020 жылдың мамырында Анталияда жоғалып кеткен еді, деп жазады Tengrinews.kz.
Басылымның мәліметінше, полиция қазақстандықтың ұялы телефонындағы сигнал арқылы соңғы рет қайда болғанын анықтаған. Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы Анлтыняк көшесіндегі орман аймағына алып келді. Іздеу барысында полиция Арайлым Орынбаеваның ағашқа ілініп тұрған денесін тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз өзін-өзі өлтірген, оның денесі Анталияның Сот медицинасы институтына жеткізілді. Басқа мәліметтер хабарланбады.
Еске салайық, 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева 9 мамырда Анталияда жоғалып кеткен болатын. Қазақстандық келіншектің 41 жастағы анасы Салтанат Орынбаеваның айтуынша, біраз уақыт бұрын ол қызымен және екі ұлымен Түркияға көшіп барған. Анасы 21 жастағы қызы үйден төлқұжатын да, ақшасын да алмай шыққанын хабарлаған.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері қазақстандықтың жоғалғаны туралы ақпаратты растады.